Өскеменде әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай VIII республикалық қысқы Универсиада өтуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай VIII республикалық қысқы Универсиада өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс шымылдығын Президенттік көпсайысқа қатысушы студенттер ашты. Универсиадаға барлығы 12 университеттің өкілдері келген. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыс үш күнге созылмақ. Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсаттардың бірі - Швейцарияның Люцерн қаласында өтетін XXX қысқы Универсиада ойындарына ел намысын қорғайтын ең жақсы спортшыларды іріктеу.

«Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Шығыс Қазақстан облысы мен ШҚМТУ университетіне осы доданы ұйымдастыруға қолдау білдіргені үшін алғыс білдіргім келеді», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев Универсиаданың ашылу салтанатында.

Айта кетейік, бірінші күні шаңғы спортынан жарыстар өткен. Онда бағындырар меже қыздар үшін – 3 шақырым, жігіттер үшін – 5 шақырым болды.


Соңғы жаңалықтар