Өскеменде әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай көрме ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Өнер музейінде әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл әл-Фарабидың 1150, хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойларын ел болып атап өтудеміз. Бұл көрмеге ғұламаның өмірінен сыр шертетін туындылар қойылған. Философтың ой-тұжырымы біздің ұлттық болмысымыздың түп қазығы десек артық айтқандық емес. Мәдени шаралар әлі де жалғасын таппақ», – дейді музей директоры Бекайым Ұябаева.

Шара барысында өңірдегі оқу ордаларының оқытушылары мен магистранттары әл-Фараби туралы баяндама жасап, ой бөлісті. Сондай-ақ көрмеге жиылғандар әйгілі ойшылдың ғылым кеңістігіндегі көкжиегінің кеңдігін ашу мақсатында С.Маханбетовтің «Әбу Насыр әл-Фараби» туындысы бойынша челлендж өткізді.

«Әл-Фараби адам баласының дүниетанымы жайлы тереңінен зерттеп-зерделеген ғұлама. Оның артында қалған мол мұрасы ешқашанда өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан осындай шаралар жастарға қажет. Себебі ұлы тұлғаларымызды ұмытпай, қастерлеу өскелең ұрпақтың міндеті деп есептеймін», – дейді жас журналист Таунар Қайрат.


Соңғы жаңалықтар