+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Өскеменде әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған қысқы Универсиада өтті

2020 жылғы 24 ақпан 22:12
Бөлісіңіз:
Өскеменде әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған қысқы Универсиада өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған VIII республикалық қысқы Универсиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
2022 жылғы арнайы қысқы Олимпиада ойындары Қазанда өтеді «Астана» велокомандасы «Тур де Франс» веложарысына қатысады «Қайрат» бапкерінің коронавирус жұқтырғаны рас па - Клуб ресми мәлімдеме жасады

21-23 ақпан аралығында өткен жарысқа 12 жоғарғы оқу орнының студенттері қатысқан. Универсиаданың алғашқы күні студенттер Президенттік көпсайыстан бақ сынады. Екінші күні күштік жаттығудан, ал сайыстың соңғы күнінде оқ атудан сынғы түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша, ерлер арасында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері үздік шықты. Екінші орынды Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ спортшылары иеленсе, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жастары жүлдегерлер үштігін түйіндеді. Қыздар арасында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бұрымдыларына тең келері болмады. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ екінші, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ қыздары үшінші орынға ие болды.

Сайыстың бас төрешісі Болатбек Дүсіповтің айтуынша, универсиададан соң түрлі жарыстарда ел намысын қорғайтын Ұлттық құрама жасақталмақ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде VIII республикалық қысқы Универсиада өтіп жатқаны хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT