Өскеменде аквапарк салынуы мүмкін

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде аквапарк салынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының орталығында өткен Инвестициялық форумда осындай ұсыныс айтылды.

«Қазіргі уақытта қала ішінде аквапаркке ешқандай бәсекелестік жоқ. Сол себепті, мол табысқа жетуге болады. Тек қызмет көрсету сапасы жақсы болса, дұрыс жолға қойылса, жеткілікті», – деді жеке кәсіпкерлердің бірі.

Айта кетейік, соңғы уақытта өскемендіктер әлеуметтік желілерде аквапарк туралы жиі сөз қозғауда. Демалыстың нақты осы түрі сұранысқа ие нысандардың көшін бастап тұр деуге болады.

Аталмыш жобаға үлгі ретінде АҚШ-та салынған сулы сырғанақ ұсынылды. Сондай-ақ аквапаркпен бірге түрлі экстремалды көңіл көтеру орталықтары ашылуы мүмкін.

Еске салайқ, бұған дейін Өскеменде Инвестициялық форум өтетіндігін және оның бағыттарын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар