+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Өскеменде АҚШ Қорғаныс министрлігінің қолдауымен антикризистік орталық ашылмақ

2020 жылғы 21 қаңтар 15:36
Бөлісіңіз:
Өскеменде АҚШ Қорғаныс министрлігінің қолдауымен антикризистік орталық ашылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында ҚР Ұлттық ұланы мен АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігі бірлесіп антикризистік оқу-жаттығу орталығын ашпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкент маңындағы бөлімнен әскери қызметші қару-жарақ алып қашты Қорғаныс министрі Талдықорған және Алматы гарнизондарына барды Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында курсант мерт болды

Бұл оқу орталығы Қазақстан мен АҚШ арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылған «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бірлескен бағдарламасы аясында ашылады. 2018 жылдан бастап АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігі (DTRA) өзінің мердігер ұйымы URS Federal Services Inc арқылы және ҚР Ұлттық ұланының көмегімен ескі әскери казарма ғимаратын заманауи оқу базасына айналдырды.

«Жаңа оқу орталығының негізгі мақсаты – ядролық нысандарды физикалық қорғау саласында мамандарды даярлау. Оқу бағдарламаларында мамандар тактикалық дайындықты, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуді және ядролық нысандардың физикалық қауіпсіздігінің заманауи жүйелерін үйрене алады. Орталық барлық қажетті жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген» – дейді ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT