Өскеменде ағаш өңдейтін кәсіпорыннан шыққан өрт сөндірілді
2020 жылғы 11 желтоқсан 19:44

Өскеменде ағаш өңдейтін кәсіпорыннан шыққан өрт сөндірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ағаш өңдейтін цехтан шыққан қызыл жалын ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сағат 16:00 шамасында Чистяков көшесінде орналасқан ағаш өңдейтін цехта өрт шыққан.

Тілсіз жау ғимараттың шатыры мен іштегі жабдықтарды шарпыды.

«Цех жұмысшылары 20 минут бойы өртті өз күштерімен сөндірмек болған. Соның салдарынан жалын жан жаққа тез тарап кетті. Оқиға орнына 13 бірлік техника мен 50-ден астам құтқарушы жұмылдырылған. Сағат 18.39-да 480 шаршы метрді аумақты шарпыған тілсіз жау ауыздықталды» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Зардап шеккен ешкім жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде ағаш өңдейтін цехтің өртеніп жатқаны хабарланған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT