+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Өскеменде «Адамзаттың Абайы» атты мерейтойлық шара өтті

2020 жылғы 22 қаңтар 13:36
Бөлісіңіз:
Өскеменде «Адамзаттың Абайы» атты мерейтойлық шара өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Абайдың 175 жылдығының салтанатты ашылуы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа байланысты Абайды ұлықтау шаралары басқа форматта өтеді - министр Өскеменде Абай мерейтойына орай «Көзімнің қарасы» атты көрме ашылды Шығыс Қазақстанда жел электр стансасына Абайдың аты берілмек

Мерейтойлық шараға облыстық мәслихат депутаты Әнуарбек Мұхтарханов, Ресейдің Өскемен қаласындағы бас консулы Михаил Королев, белгілі жазушы, абайтанушы Қалибек Алтыбаев, Қазақстандағы тұңғыш «Әкелер мектебінің» негізін қалаған Ертісбек Сәдуақасов қатысты.

«Биылғы жылы мәдени шараларға жоспарланған қаржының едәуір үлесі ұлы ақынның 175 жылдығын атап өтуге жұмсалады. Абайдың атақонысы Жидебай абаттандырылып, бірқатар аудандарда ескерткіштер орнату жоспарланып отыр. Хәкімнің мерейтойы тек республика көлемінде емес, халықаралық деңгейде атап өтіледі», – дейді Әнуарбек Мұхтарханов.


Ашылу салтанатынан соң «Мен бір жұмбақ адаммын» сөзжұмбақ сайысы өткізілді. Қатысушылар «Абай жүрегімде» атты ашық микрофонда ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Сондай-ақ облыстық Тілдерді дамыту басқармасының Лингвистикалық орталығының мамандары дайындаған Абай шығармашылығы бойынша латын әліпбиінде диктант жазды.

«Абай атамыз әр шығармасында адамгершіліктің шыңы - мораль екенін жан-жақты жеткізді. Оның 45 қара сөзіне жекелей үңілсек, әр айтқанынан өскелең ұрпағына бағыт-бағдар беруге тырысқанын аңғару қиынға соқпайды. Жастар тарапы жуырда Семейде бой көтерген «Абай Аренада» жаттығуларын жасап, байрақты бәсекелерде ел мерейін асырса, атаулы датаны лайықты атап өтуге сүбелі үлес қосқаны деп білемін» дейді ШҚМУ «Журналистика» мамандығының 4-курс студенті Әділхан Есімханов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT