Өскеменде адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 тамызда Мирный кентінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Куәгерлер бірден полицияға және жедел жәрдемге қоңырау шалды.

«Кеше сағат 21:00 шамасында белгісіз жүргізуші Сафонов көшесімен келе жатып №47 үйдің алдында тұрған адамды қаққан. Осының салдарынан 33 жастағы азамат жарақат алды. Ал көлік жүргізушісі болса сол жерден із суытқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүргізушіні іздестіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар