Өскеменде «Abai175» белгісімен 500 автокөлік құрастырылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ұлы ақынның мерейтойына орай «Abai175» белгісімен автокөліктер шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азия Авто» АҚ осындай сериямен «LADA Granta» маркалы 500 көлік шығармақ. Мұндай көліктер ақпан айының соңына қарай сатылымға қойылады деп жоспарлануда.

«Абайдың 175 жылдығы аясында көлік сериясын шығарып отырмыз. Сондай-ақ әр көлікке сыйлық ретінде «Абайдың қара сөздері» жинағы беріледі», - дейді акционерлік қоғамның бас директоры Ерік Сағымбаев.

Айта кетейік, ақынның мерейтойына орайластырылған алғашқы машиналардың таныстырылымына Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қатысты.

Сондай-ақ осыған дейін Өскеменде «Біздің Абай» әдеби трамвайының жолға шыққанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар