Өскеменде 9 мыңнан астам жаңа көше шамы орнатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде 9 мыңнан астам жаңа көше шамы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңарту жобасы аясында 9 117 жаңа шам орнатылды.

- Жоба бойынша шаһарда биыл 14 мыңға жуық заманауи жарықдиодты шам мен энергия үнемдейтін шамдарды орнату жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда қалаға 10,5 мыңнан астам шам ауыстырылуы тиіс болса, қазіргі уақытта жоспарланған көлемнің 71%-ы орнатылды. Қалғанын «Горсвет» ЖШС және «Біріккен энергоСервистік Компаниясы» АҚ қыркүйек айының соңына дейін орнатуға міндетті, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Инфрақұрылымды жаңарту арқылы қала көшелерін жарықтандыру тиімді болып, жаңа технологиялар энергияны екі есе үнемдеуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар