Өскеменде 9-қабаттан секіріп өлмек болған жас жігіт құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде 9-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 желтоқсан кешкі уақытта «102» арнасына белгісіз ер адамның Красин көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 9 қабатынан секірмекші болып тұрғаны туралы хабар түсті.

Сол кезде оқиға орнына «Қыран-28» экипажының қызметкерлері Алмас Қарашов пен Әнуар Мұхаметқалиев және олардың взвод командирі Дәурен Тоқтасын келіп жеткен.

Олар биіктен секіргелі тұрған 25-30 жас шамасындағы жігітті және оны сөзге айналдырып тұрған азаматты байқайды.

«Рота командирі ары қарай келіссөз жүргізу үшін астыңғы қабатта қалып, Алмас пен Ануар 9 қабатқа тез арада көтерілген. Осы кезде ТЖД қызметкерлері оқиға орнына шақырылды. Ер адам полицейлерді көрген бойда одан сайын ашуға булығып, олардың жақындамауын талап етті. Десе де, оны әңгімеге тартқан полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірге ақырын жақындап, жігітті қапсыра ұстап, тартып алып шыққан» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өз өмірін өлімге қимақ болған тұрғынға медициналық көмек керек екендігін байқаған полицейлер оны жедел жәрдемге жеткізді.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ер адам өте қатты күйзеліске түскен, тіпті өзінің әрекетін түсіндіре алмаған. Ал полицияға қоңырау шалған азамат - Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінің бөлімше командирі, аға сержант Нұржан Иманжанов.



Соңғы жаңалықтар