Өскеменде 81 жастағы ер адам жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қыркүйек күні таңертең Өскеменнің облыс орталығында зейнеткер ер адам жоғалып кетті.

1935 жылы туған Саветбек Сматов Меновное кентіндегі Школьный көшесінде орналасқан өзінің үйінен екі күн бұрын шығып кетіп, әлі оралмаған. Бұл туралы YK-news.kz тілшісі хабарлады.

Оқиға зейнеткердің ұлы қалаға дәрі-дәрмектер алуға шығып кеткенде орын алған.

- Алдыңғы күні дәріханаға барып келдім, сағат 8-ден 9-ға дейін үйде болмадым. Келгенімде әкем үйде болған жоқ. Көршілерден сұрастырдым, ешкім, ештеңе көрмеген, - деп баяндады жоғалған қарттың ұлы.

Саветбек Сматовтың туыстары полицияға жүгінген. Қазір тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Жоғалған қарттың жақындары қандай да бір ақпаратқа ие адамдарды полицияға немесе келесі нөмірлерге хабарласуды өтінеді: +7-747-683-02-45, +7-775-198-48-15.

Соңғы жаңалықтар