Өскеменде 70 жыл жылусыз отырған көпқабатты үйлер орталық желіге қосылатын болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының Аблакет кентіндегі Челюскин көшесінің 6 тұрғын үйі 70 жыл бойы пешпен жылытылып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қарт тұрғындардың айтуынша, мұндағы жылусыз отырған үйдің ең көне дегендері 1947 жылы салынған екен. Содан бері мұндағылар  қосқабатты үйдегі пәтерін пеш жағып,  жылытып келген. 2011 жылы Аблакет кентінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жағыртылған кезде де бұл 6 үй назардан тыс қалған.  Сол тұстан бері 48 пәтердің мұңын арқалаған бастамашыл топтың ашпаған есігі, тоздырмаған табалдырығы жоқ. Көршілерінің құқығын қорғап жүрген белсенді зейнеткер Нина Щука қалалық әкімдіктен мардымды жауап болмаған соң облыс әкіміне арыз жолдағанын айтады. Облыс әкімі Даниал Ахметов сол хаттың негізінде халықпен кездесті.
null

«71 жыл бұрын салынса да, бұл 6 үйге жылу мен ыстық су тартылмаған. О баста Аблакет ауданындағы көптеген үйдің жағдайы осындай еді. Кейін бәріне біртіндеп инженерлік инфрақұрылым тартылды. 2011 жылы кенттің коммуналдық шаруашылығы түгелдей жаңғыртылғанда осы 6 үй ескерусіз қалды. Қыста ауданы 32 шаршы метр пәтердің өзін жылытуға 4 тоннадан астам көмір жағамыз. Ал электр пеш орнатқандар жарыққа айына 50 мың теңге төлейді. Бұған дейін бір рет осы мәселені шешу үшін қаржы бөлінген, кейін сиырқұйымшақтанып кетті. Биыл қайта бөлінгенін естіген соң, сол келеңсіздік қайталанбас үшін облыс әкіміне арыз жолдадық. Оның үстіне біздің үйлер ешбір мекеменің балансына алынбаған, сайда санымыз, құмда ізіміз жоқ» - дейді Нина Щука.

null

Аталмыш үйлерді жылу магистраліне жалғау үшін жалпы ұзындығы 192 метр құбыр тарту қажет. Ал үйлердің ішіне құбырды тұрғындар өз қаражаттарына  жүргізуі тиіс.

«Мамыр айында қала әкімдігі құбыр тарту жұмыстарын жобалауға конкурс жариялаған болатын. Ертең конкурстың нәтижесі анық болады. Шілде айында барлық құжаттары мақұлдаудан өтіп, тамызда құрылыс басталады. Қыркүйекте үйдің іргесіне дейін құбыр тартылады. Оны күтіп отырмай, өздеріңіз үй ішіндегі желіні тартып қоюларыңыз қажет. 192 метр құбыр  жүргізу үшін 20 млн теңгеден астам қаржы керек деген есеп бар. Ол сома қала бюджетінен бөлінеді»,- деді Даниал Ахметов.

null

Соңғы жаңалықтар