Өскеменде 7 жасар өгей баласын аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 7 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, медициналық мекемеге миы шайқалып, бет-аузы жараланған бала жеткізілген.

Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша бірден тексеру жүргізді. Анықталғандай, баланы анасының 42 жастағы азаматтық некедегі күйеуі ұрып-соққан.

«Бұл отбасында кәмелетке толмаған төрт бала бар. Алайда екеуі ресми түрде некеге тұрмаған. 6 желтоқсанда балалардың анасы жұмысқа кеткен. Ал жұмыс істемейтін ер адам үйде қалды. Кеш оралған әйел ұлының жарақаттарын көріп, учаскелік полиция инспекторына хабарласқан. Бала дереу ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Тергеу барысында анасы айтқандай, күйеуі сол кезде мас болған.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.



Соңғы жаңалықтар