Өскеменде 60 жастағы қалта ұрысы қолға түсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 60 жастағы қалта ұрысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан 36 жастағы әйел «Спорт сарайы» аялдамасында тұрғанда күртешесінің қалтасынан белгісіз біреудің «SAMSUNG» маркалы екі ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан. Осылайша жәбірленушіге 200 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. 60 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Ұрланған ұялы телефондар иесіне қайтарылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар