USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Өскеменде 60 жастағы әйел суға батып кетті

2021 жылғы 30 сәуір 16:29
Бөлісіңіз:
Өскеменде 60 жастағы әйел суға батып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 60 жастағы әйел суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-дағы тасжол бойында жарылыс жасалып, 1400 текше метр қар түсірілді Шығыс Қазақстанда коронавирустың омикрон штамы тіркелген жоқ Павлодарда мас жүргізуші ескерткішке соғылған

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 сәуір күні сағат 13.30 шамасында құтқарушыларға Ертіс өзенінде әйел адамның ағып келе жатқаны туралы хабар түсті.

«Үш қайыққа мінген жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу оқиға орнына жетті. 10 адамнан тұратын жеке құрам жағалауға барлау жүргізген. Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына патрульдік полицейлер де көмек көрсетті. Көп ұзамай 60 жастағы әйел адамның денесі табылды. Қазіргі таңда оның жеке басы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына су жағасында барынша абай болу қажеттігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT