Өскеменде 60 жаңа автобус сатып алынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында осы жылы 60 жаңа автобус сатып алынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, шаһар бойынша жолаушы тасымалдаумен айналысатын компаниялар өз қаражат есебіне жаңа автобустар сатып алады.

«Соңғы жылдары Өскеменде қоғамдық көлік паркін жаңарту мәселесі қызу талқыға салынып келеді. Осы мәселені шешу үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Өткен жылы 13 жаңа автобус алынды», - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.

Жолаушылар көлігін басқару орталығының дерегінше, биыл 60 жаңа көлік сатып алынбақ. Автобустар бір уақытта келмей, қалаға кезең-кезеңімен жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, биылдан бастап Өскеменге жаңа трамвайлар да сатып алынатындығы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар