Өскеменде 50 мыңға жуық бөтелке алкоголь өнімі заңсыз сақталған

Фото: None
Өскемен. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының көтерме қоймаларының бірінен 49 мың бөтелкеден астам мөлшерде өндірушілері мен атаулары әртүрлі алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, алкаголь өнімдерінің ішінде «Qulan», «Пшеничная», «Хаома», коньяктар: «Қазақстан», «Sikvaruli» «Грузинский» арақтары, «Алазанская долина», «Мускат», «Советское Шампанское» шараптары бар. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімін одан әрі көтерме және бөлшек саудада өткізу мақсатында сақтау лицензия негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Алынған алкоголь сынамалары сараптамаға жіберілді. Тексеру материалдары ШҚО Экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін тапсырылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, бұл – қысқа уақыт ішінде Өскемен қаласынан табылған алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының екінші дерегі. Сәуір айындағы тексеру кезінде де алкоголь өнімдерін заңсыз түрде дайындау фактісі анықталған.

Алкоголь өнімдері нарығы субъектілерін тексеру іс-шаралары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар