Өскеменде 5 жасар қызына 3 млн теңге алимент қарызы бар әйел анықталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында тұратын әйел баласына 3 млн теңге алимент төлемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысынан 2018 жылғы наурыздан бері 5 жасар қызына алимент төлемеген әйелге іздестіру жариялау туралы қаулы келіп түскен.

«39 жастағы азаматшаны табу үшін жедел-іздестіру шаралары қолға алынды. Тәртіп сақшылары оның қайда екенін бір күн ішінде анықтады. Әйел адам осы жылдар бойы ресми түрде жұмысқа орналаспағанын, сол себепті алимент төлемегенін айтып ақталған. Қазіргі уақытта оның қарызы 3 000 000 теңгеден асып отыр. Енді ақшаны өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», - делінген ақпаратта.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында баласына алимент төлемеген 120-дан астам адам анықталды.

Соңғы жаңалықтар