Өскеменде 5 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 2-қабаттың терезесінен құлап кеткен бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан көшесіндегі пәтерде тұратын әйел 5 жасар ұлын 2008 жылғы қызына тастап, дүкенге шығып кеткен. Апайының көңілі басқа нәрсеге айналып кеткенде бала терезеден құлап түсті.

«Қазіргі уақытта бас миы шайқалған бала ауруханаға жеткізілген. Осы ретте ата-аналарға барынша абай болып, баланы бір минутқа да жалғыз қалдырмау керектігін ескертеміз. Терезеге темір тор орнатып, жиһазды мейлінше терезеден алыс қойған жөн», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да бір жарым жасар сәбидің үшінші қабаттан құлап кеткені хабарланған.


Соңғы жаңалықтар