Өскеменде 5-қабаттағы терезеден бір жасар бала құлап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде 5-қабаттағы терезеден бір жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Semey News-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиға Ә. Молдағұлова көшесінде болғанын хабарлады. Ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған сәби терезенің жақтауына шығып, терезеден құлап кеткен. Пәтер бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан. Қыз ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді, сондай-ақ балалардың білім беру орталықтарының ата-аналар топтары және аумақтық басқару орталықтары арқылы балалардың қауіпсіздігі бойынша жадынамалар мен роликтер жіберіп отырады.


Соңғы жаңалықтар