Өскеменде 5,5 шақырымға жуық жол орташа жөндеуден өтеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы 5,5 шақырымға жуық жолда орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Стахановская және Қабанбай батыр көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Крылов және Красин көшелеріндегі жұмыстар жуырда мәресіне жетеді.

«Осы айдың соңына дейін Үлбі кентіндегі және Сәтпаев даңғылы мен Жастар көшесінің арасындағы жолды жөндеу жұмыстары да аяқталады. Жалпы айтқанда, бұл шамамен 5,5 шақырымға жуық жол. Дегенмен, әлі де жөндеуді қажет ететін учаскелер көп. Сондықтан көшелерді орташа жөндеудің екінші кезеңін өткізу туралы шешім қабылданды», - дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Оның айтуынша, бастаманы қалалық мәслихат қолдап отыр. Бұл мақсатқа қаражат та бөлінді.

«Екінші кезеңнің көлеміне кіретін учаскелер: Буров көшесі, Қазақстан көшесінің Қабанбай батырдан Мызы көшесіне дейінгі бөлігі, Қазақстан көшесінің Нұрмағамбетов көшесінен Ертіс көпірінің алдындағы шеңберге дейінгі бөлігі, Қалихан Ысқақ көшесінің Гагарин бульварынан Ақтөбе көшесіне дейінгі бөлігі, Интернациональная көшесі, Халықтар Достығы көшесінің Самар тасжолынан Молдағұлова көшесіне дейінгі бөлігі. Қазір конкурстық процедуралар әзірленуде. Болжам бойынша, шілде айында мердігерлерді анықтап, жұмысты бастай аламыз», - деді әкім.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін апелляция соты Өскемен әкіміне айыппұл салған үкімнің күшін жойғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар