Өскеменде 47 жастағы әйел суға батып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 47 жастағы әйел суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамыз күні шамамен сағат 21.00-де Абай даңғылы маңайындағы Үлбі өзенінде 1973 жылы туған әйел батып кетті.

«Белгілі болғандай, азаматша шомылуға тыйым салынған, ағыны қатты су айдынына барған. Әйел адам өз күшін дұрыс есептемеудің салдарынан көз жұмды. Оқиға санаулы минуттарда болған, ол тіпті айқайлап та үлгермеген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сол жерге келген соң жағалауға тексеру жүргізді. Көп ұзамай суға кеткен әйелдің денесі табылды.


Соңғы жаңалықтар