+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Өскемен: Рұқсат етілмеген жерден өтпек болған адамды көлік қақты

2021 жылғы 27 қыркүйек 22:10
Бөлісіңіз:
Өскемен: Рұқсат етілмеген жерден өтпек болған адамды көлік қақты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған азаматты көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талғарда 18 жастағы жігітті көлігімен қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті Семейде 8 жасар баланы көлік қағып кетті Павлодар облысында көлік қаққан 66 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Шаяхметов көшесінде болған.

«Audi» маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан жүргізуші 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Белгілі болғандай, жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Осының салдарынан өзі жарақат алып, көлік иесіне материалдық залал келтірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша жаяу жүргіншіге ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабына (жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін, материалдық залал келтіргені үшін) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT