Өскеменде 40 өрт сөндіруші қойманы шарпыған жалынмен күресті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қараусыз қоймалардың бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 желтоқсан күні сағат 08.43 кезінде Молдыбаев көшесіндегі қойманы қызыл жалын шарпыды.

Тілсіз жаудың жалпы аумағы 200 шаршы метрге жеткен. Оқиға орнына бірден жеткен өрт сөндірушілер отты ауыздықтауға кірісті.

«Өрт шатырдың ағаш құрылымдарына және қойманың ішіндегі жиһаздарға жайылды. Зардап шеккен ешкім жоқ» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, өртті сөндіруге 9 техника мен жеке құрамнан 40 адам жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар