Өскеменде 4 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 4 жасар бала төртінші қабаттағы балконнан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 12 шілде күні таңертең Крылов көшесінде болған.

«Баланың анасы үйде болды. Ойнап жүрген бала балконға шығып, төменге құлап кетті», - делінген ақпаратта.

4 жасар бала жағдайы орташа ауыр деңгейде ауруханаға жеткізілген.

«Ол бас-ми жарақаты диагнозымен жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Баланың білегі сынғандықтан ота жасауға тура келді. Ұйқысы, тәбеті бұзылмаған. Дәл қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар