Өскеменде 4 көлік соқтығысты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 4 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Защита шағын ауданында болған.

«КамАЗ» жүк көлігін тізгіндеп келе жатқан жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған «Skoda» көлігіне соғылды. Соққы салдарынан «Skoda» «Toyota» көлігіне, ал «Toyota» болса «Lada-ға» соғылды. Жол апатына себепкер болған жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құқық бұзушы 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі немесе алты айға дейін көлік тізгіндеу құқығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар