Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

2022 жылғы 1 шілде 21:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қаладағы ЖШС-лардың бірінің басшысы хабарласты.

Өз сөзінде ол кәсіпорынның бұрынғы есепшісі пайда табу мақсатта қызметтік жағдайын пайдаланып, ақша жымқырғанын жеткізді.

«Соның салдарынан ЖШС-ға 4 300 000 теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде әйел адам өз кінәсін мойындады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта ол қолхатпен босатылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігіне (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме