Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.33 EUR 424.68
RUB 5.92 CNY 56.17
Jańalyqtar

Өскеменде 36 адам өрттен құтқарылды

2018 жылғы 19 қаңтар 12:24 252
Бөлісіңіз:
Өскеменде 36 адам өрттен құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт сөндірушілер отыздан астам адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды «Қазақпарат»ХАА Өскеменнің ТЖ басқармасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға 18 қаңтар күні түнгі сағат 22:20-да Сәтпаев даңғылында болған. Бірінші қабатта орналасқан пәтердің ішіндегі жиһаздар мен заттардың жанып жатқанын байқағандар  өрт сөндірушілерге қоңырау шалған.  Құтқару қызметі пәтерге терезе арқылы кірді. Жерде ес-түссіз жатқан 1955 жылы туылған әйелді далаға алып шықққан өрт сөндірушілер Әли Сүбебаев пен Асылан Қадылбеков оны жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Үй иесінің денесі мен аяқ-қолдары күйген. Ыс тиіп улану белгілері де бар.

«Өрт сөндірушілер екі топқа бөлініп жұмыс істеді, бірнші топ тілсіз жауды ауыздықтауға күш салса, екінші топ жоғарғы қабаттағы тұрғындарды құтқарумен айналысты. Барлығы 36 адам эвакуацияланды.  Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде»,- делінген ТЖ басқармасы хабарламасында.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дарын Нұрсапар

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT