Өскеменде 31 үйді су басты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. Өскеменде саяжай қоғамдастығындағы 31 үйді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының күрт жылынуына байланысты Аблакетка өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 73 см-ге жетті. Осының салдарынан Өскемендегі «Солнечная долина» саяжай қоғамдастығындағы үйлерді су басқан.

«Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қазіргі жағдайды мұқият зерделеді. Аталған қоғамдастықта 226 саяжай учаскесі бар. Оның 31-ін су басты. Бұл үйлерде ешкім тұрып жатқан жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Саяжай қоғамдастығындағы тек екі үйде бірнеше адам тұрады. Бұл үйлерді су баспаған. Отбасылардың бірі уақытша тұрғылықты орнын ауыстырды. Екінші үй иелері эвакуациялаудан бас тартқан. ТЖД мен қала әкімдігі жағдайды жіті бақылауда.


Соңғы жаңалықтар