Өскеменде 3 жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен 3 жасар бала құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 тамыз күні сағат 15.00 шамасында Островский көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде болған.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін терезеден құлап кетті. Түрлі дене жарақатын алған 2017 жылғы пәтер иесінің қызы ауруханаға жеткізілген», - делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 8 бала терезеден құлаған.



Соңғы жаңалықтар