Өскеменде 3 көлік соқтығысты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 3 көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйек күні Назарбаев даңғылында болған. «ВАЗ» және «Hyundai» маркалы екі автокөлік соқтығысты.

«Белгілі болғандай, жол апатына көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтамаған «ВАЗ» жүргізушісі кінәлі. Соның салдарынан 3 көлік соғылды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған көлік жүргізушісінің ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар