Өскеменде 3-қабаттан құлағалы тұрған сәби құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендік сақшылар Рашид Солтанғазин мен Бауыржан Ризабеков үшінші қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция сержанттары Тәуелсіздік даңғылындағы аулалардың бірінде жиналып тұрғандарды көрген.

Көпқабатты үйдің үшінші қабатында терезе жақтауында тұрған баланың өмірі қыл үстінде екенін аңғарған сақшылар ерікті тұрғындармен бірге көрші пәтердің терезесінен есігі іштен жабылып тұрған пәтерге түсіп, сәбиді құтқарып қалған. «Баланы жалғыз қамап кеткен үй иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құтқарылған баланың жасы бесте екені анықталды» - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар