Өскеменде 24 айыппұлы бар жүргізуші анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері 24 айыппұлы бар жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалада 1 тамыздан бастап «Айыппұл төле» жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр.

Шара барысында тәртіп сақшылары жол ережесін бұзып, айыппұлды төлемей жүрген көлік жүргізушілерін тоқтатады.

«Полицейлер шетелдік нөмірмен жүрген «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты. «Сергек» жүйесі арқылы тексеру кезінде жүргізушінің төленбеген 24 әкімшілік айыппұлы бар екендігі белгілі болды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 399 мың теңге. Борышкердің көлігі мамандандырылған автотұраққа қойылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, аталмыш жедел алдын алу шарасы 7 тамызға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар