Өскеменде 23 құрылыс компаниясы тұрғындарды үлескер болуға көндіріп, ақшасын алған

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 23 құрылыс компаниясы тұрғындарды үлескерлікке заңсыз тартқан. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО құрылыс басқармасының басшысы Инна Валлдың айтуынша, қазіргі уақытта Өскемен қаласында 48 тұрғын үй салынып жатыр. Бұған 37 компания тартылған.

«Оның ішінде 28 үй құрылысын жүргізіп жатқан 23 компания тұрғындарды үлескерлікке заңсыз тартқаны анықталды. Олар клиенттерге ешқандай кепілдік бермеген, қажетті рұқсаты мен техникалық құжаттамасы болмаған, үлескерлерден жарнаны мерзімінен бұрын есептеген. Ал бір ЖШС 5 қабатты тұрғын үй салуға рұқсат құжатын алғанымен, әлеуметтік желі арқылы сол жерге тоғыз қабатты үй салынатыны туралы жарнама таратқан», - деді ол.

Жиналысқа қатысқан компания басшылары мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес, қысқа уақыт ішінде бүкіл заңсыздықтарды жоятынын жеткізді.

«Осындай заңсыздықтардың салдарынан ертең талай адамның алданып, ақшасынан айырылып қалуына жол бермеу керек. Мердігерлер заңсыз құрылысты дереу тоқтатып, барлық жұмысты тек заң шеңберуінде жүргізуі тиіс», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар