Өскеменде 21 жастағы қаңғыбас базардағы жеті дүңгіршекті тонады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір ай бойы Өскемен тәртіп сақшыларына Орталық базар ауданындағы дүңгіршектерде болған түнгі ұрлықтар туралы өтініштер келіп түскен.

Таяу күндері қылмыстық полиция қызметкерлері бұл ұрлықтарды жасауда күдікті танылған панасыз азаматты ұстады, деп хабарлайды YK- news.kz.

ШҚО ІІД-нің мәліметтерінше, жас азамат түнгі уақытта тек азық-түлік және көкөніс сататын дүңгіршектерді тонаған. Негізінен, олардан ақша алып кеткен. Келтірілген шығын сомалары түрлі болды - 2800 теңгеден 14000 теңгеге дейін. Полицейлер ұрлықты бір адам жасап отырғанын анықтады. Таяуда ол қолға түсті.

«Ұсталған соң 21 жастағы қаңғыбас қылмыстарды жасағанын мойындады. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышында қамауда отыр, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталған соң, іс сотқа жіберіледі», - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Соңғы жаңалықтар