Өскеменде 2024 жылға дейін 5 мектеп бой көтереді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 2024 жылға дейін 5 мектеп салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында 1000 жаңа мектеп салу туралы тапсырмасына сәйкес Өскеменде бірнеше жаңа білім ордасының құрылысы жүргізіледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, 2023-2024 жылдары 4080 орындық бес мектеп салу жоспарланған.

«19-шы ықшамауданда екі мектеп салынады. Атап айтқанда, математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп және 1000 орындық орта мектеп. Сондай-ақ «Нұрлы жол» ауданында 600 орындық, «Жекпе-жек» сарайының маңында 1000 орындық, 28-ші шағын ауданда 600 орындық білім ордасы бой көтереді», - делінген ақпаратта.

Биыл Өскеменде 1350 орындық жеті балабақша пайдалануға берілген. Сонымен қатар Құрылыс колледжі мен Көпсалалы технологиялық колледж студенттеріне арналып екі жатақхана салынып жатыр.


Соңғы жаңалықтар