USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Өскеменде 200 мыңнан астам адам вакцина алды

2021 жылғы 18 қазан 21:48
Бөлісіңіз:
Өскеменде 200 мыңнан астам адам вакцина алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 200 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында 9 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды Елордаға ревакцинациядан өтетіндер үшін «Спутник Лайт» препараты жеткізілді Елордада мәдениет және өнер саласының қызметкерлері ревакцина жасады

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, күн сайын COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандар саны артып келеді.

«Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары үшін «Спутник V», «Vero Cell» және отандық «QazVac» вакциналары қолжетімді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қала бойынша 215 263 адам вакцина салдырған. Екпе – қауіпті дертті жеңудің жалғыз жолы екендігін ұмытпайық. Вакцина алған адам вирус жұқтырса да ауруды жеңіл өткереді», - делінген ақпаратта.

Екпені медициналық мекемелерде, кейбір сауда орталықтарында және жылжымалы пункттерде алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылатыны хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT