Өскеменде 200-ге жуық үй маңындағы дүкенде азық-түлік бағасы тексерілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 200-ге жуық үй маңындағы дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендегі сауда үйлерінде, дүкендерде, тұрақтандыру қорының павильондарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермес үшін тұрақты түрде бақылау жүргізілуде. Рейдтерге апта сайын Кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңсесі мен Nur Otan партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінен құралған 11 мониторингілік топ шығуда.

«Үй жанындағы дүкендерге келіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өндірушінің сату құнының 15 пайызынан асырылмауы тиістігін түсіндіріп жатырмыз. Сондай-ақ сатушыларға сол азық-түлік өнімдерінің тізімі жазылған жадынамалар таратылуда. Ақпан айының басынан бері 200-ге жуық дүкен тексерілді. Кейбіреулерінде тауар бағасының 22 пайызға арттырылғаны анықталған. Кәсіпкер ескертуді қабылдап, бағаны белгіленген нормаға түсірді», - деді қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаш.

Айта кетейік, жалпы Өскемен бойынша үй маңында 944 шағын азық-түлік дүкені бар.


Соңғы жаңалықтар