Өскеменде 20 балабақша жетіспейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 20 мектепке дейінгі мекеме жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін биыл Өскеменде 7 балабақша ашылатындығын жазған болатынбыз. Алайда бүлдіршіндердің көптігінен бұл аздық етуде. Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде балабақша кезегінде тұрғандар саны 7 мыңнан асады.

«Өскеменде 97 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның ішіндегі 68-і балабақша, 29-ы шағын орталық. Балабақша тапшылығы әсіресе қаланың шалғай аудандарында сезілуде. Осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1180 орындық жеті мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарланған», - деп хабарлады қалалық білім бөлімінің қызметкерлері.


Соңғы жаңалықтар