Өскеменде 2 қабатты ағаш үй өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде ағаштан салынған 2 қабатты үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін таңертеңгі сағат 8-36-да өртке қарсы қызметтің кезекшілік бөліміне Өскемен қаласының Сәтбаев даңғылы бойындағы ағаштан салынған 2 қабатты ғимараттың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнынына сағат 8-43-те өткен өрт сөндірушілер 40 минуттың  ішінде қызыл жалынның алдын алып, ал сағат 10-01-де толықтай өшірген.

«Қызыл жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртпен күреске 33 қызметкер мен 11 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр», - деді комитеттен.

Соңғы жаңалықтар