Өскеменде 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 2 көлікпен соқтығысты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 2 көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 27 қаңтарда сағат 19.00 шамасында Жібек маталар комбинаты ықшамауданында болған.

«Сәтбаев даңғылы бойымен келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетті. Осылайша ол Toyota Camry маркалы екі көлікпен соқтығысқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апаты салдарынан 2 адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар