Өскеменде 18 жастағы жүргізуші 4 адамды қағып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 4 жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше түнде 19-шағын ауданындағы Есенберлин даңғылында болған. 19 жастағы үш және 18 жастағы бір жігіт түрлі дене жарақаттармен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Анықталғандай, Қазыбек би даңғылынан Есенберлин даңғылына қарай жүріп келе жатқан Audi автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі 4 жаяу жүргіншіні қаққан. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Оның көлігі айып тұрағына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік жүргізушісі 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар