Өскеменде 18 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жаяу қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 18 рет жол ережесін бұзған жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасын жүргізген. 3 күн ішінде жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей жүргендерден 16 млн теңге өндірілді. Сондай-ақ 126 жүргізушінің автокөлігі мамандандырылған тұраққа жеткізілді.

Мәселен, полицейлер Өскемен қаласында 38 жастағы ер адам тізгіндеп келе жатқан «MERCEDES S280» маркалы көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде оның 18 рет жол ережесін бұзғаны «Сергек» камералары арқылы тіркелгені анықталды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 354 195 теңге.

«Барлық ереже бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (Жылдамдықты асыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа орналастырылды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.


Соңғы жаңалықтар