Өскеменде 160 мыңға жуық адам вакцина алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 160 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, күн сайын COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандар саны артып келеді. Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары үшін отандық «QazVac» вакцинасы да қолжетімді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қала бойынша 157 118 адам вакцина салдырған.

«Қауіпті дертті жеңудің жалғыз амалы – вакцина. Өскемендіктер арасында екпе алғандар санын арттыру үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, қыркүйек айының басында вакцина салдырғандарға автокөлік ойнатылды. 30 мыңға жуық адам қатысқан лотереяда мектеп вахтері жеңімпаз атанып, Chevrolet Nexia көлігінің иесі атанды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде вакцина алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылатындығы жайлы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар