Өскеменде 15 жастағы қызды өлтіріп кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде көпқабатты үйдің пәтерінен жасөспірім қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 қыркүйек күні кешкі сағат 21.00-де полицияға 19-шы ықшам ауданы, Есенберлин даңғылы 8/2 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Қыздың жасы 15-те және ол колледж студенті болғаны анықталды.

«Денесінде зорлық белгілері бар», - деп мәлім етті ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қылмысты жасады деген күдікпен 18 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Соңғы жаңалықтар