USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Өскеменде 11 шілдеге дейін карантин шаралары күшейтілді

2020 жылғы 25 маусым 22:09
Бөлісіңіз:
Өскеменде 11 шілдеге дейін карантин шаралары күшейтілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 27 маусымнан бастап 11 шілдеге дейін карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Ашықта» тек «жасыл» мәртебесін  пайдалану кезінде  барлық іс-шаралар шектеулерсіз өткізіледі Ақмолада карантин режимін бұзғандар 27 млн теңге айыппұл төледі Коронавирус: Қазақстанда карантин мерзімі қысқаруы мүмкін

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 25 маусымдағы қаулысында жазылған. Құжаттағы деректерге сәйкес, соңғы тәулікте вирус жұқтырғандар саны 25,4%-ға, ал апта көлемінде 16,6%-ға артты.

Осыған байланысты тұрғындар жеке көлігімен жұмыс күндерінде мемлекеттік нөмірдің соңғы санының «жұп» және «тақ» болуына байланысты жүреді.

Сондай-ақ жеке көлік құралдарымен түнгі сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін, бұдан бөлек мереке және демалыс күндері жолға шығуға тыйым салынған. Тұрғындардың қозғалысы да тек рұқсаттама арқылы жүзеге асады.

Шаһарда спорт, концерт және адам көп шоғырланатын басқа да іс-шараларды өткізуге әлі де рұқсат берілмейді. Сауда нысандарының жұмыс уақыты шектеледі. Мысалы, азық-түлік саудалайтын дүкендер сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін, ал моншалар мен сауналар 15:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Алайда азаматтарға демалыс күндері жеке көлігмен «жұп» және «тақ» қағидаты бойынша саяжай мен бау-бақша учаскелеріне баруға рұқсат етілді.

Сонымен қатар қоғамдық көлік жұмыс күндері 50%-ға қысқартылса, демалыс пен мереке күндерінде мүлде жүрмейді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT