Өскеменде «100 күнде 10 000 шұңқыр» акциясы іске қосылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында «100 күнде 10 000 шұңқыр» акциясы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Кептеліссіз қала» бағдарламасы аясында «100 күнде 10 000 шұңқыр» акциясы іске қосылды. Тұрғындар жолдардағы шұңқырларды фотоға түсіріп, әкімдікке жібере алады.

Халыққа барынша ыңғайлы болу үшін @Oskemen_bot телеграмм чат-боты ашылған. Өскемендіктер телефонмен жолдағы шұңқырды фотоға түсіріп, осында жіберген соң бірден мердігерлер сол жолды қалыпқа келтіреді.

«Мұндай акциялар белсенді азаматтық қоғамды қалыптастырады. Осылайша, халық бюджет қаражатының қайда жұмсалатынын өздері шешеді. Алдағы уақытта жұмысымызды жақсарту үшін цифрлық технологияларды пайдалануды арттыруды көздеп отырмыз», - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.


Соңғы жаңалықтар