Өскеменде 10 жолға оң жақ бұрылыстар жасалады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Биыл Өскемен қаласында 10 жолға оң жақ бұрылыстар жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, көлік кептелісін азайту, жүргізушілерге қиылыстардағы қозғалысты ыңғайлы ету үшін осы уақытқа дейін бірқатар жолға оң жақ бұрылыс жасалған. Бұл мақсаттағы жұмыстар биыл да жалғасын таппақ.

«Осы бастама алғаш рет үш жыл бұрын көтерілген болатын. Тұрғындар оң жақ бұрылыстар жайлы жақсы пікір білдіруде.

Осы жылы бұрылыстар кезең-кезеңімен бірнеше жолда жасалатын болады. Әуелде 9 жолға, атап айтқанда Қазақстан-Қабанбай батыр, Жағалау-Қабанбай батыр, Мызы-Қазақстан көшелерінің, Абай даңғылы-Путевая көшесінің, Шәкәрім-Абай даңғылдарының, Өтепов көшесі мен Сәтбаев даңғылының қиылыстарында және Сол жағалау емханасынан Сәтбаев даңғылына шығатын жолда салынады.

Сондай-ақ Новаторов-Қабанбай батыр көшесінің қиылысында екі жаққа да бұрылыс жасалады», - деді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары жүргізілетін жолдар халық арасында болған сауалнама нәтижелері бойынша таңдалып отыр.


Соңғы жаңалықтар