Өскеменде 10-ға жуық саяжайға ұрлыққа түскен 2 ер адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 10-ға жуық саяжайға ұрлыққа түскен 2 ер адам құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 және 34 жастағы азаматтар бау-бақша қоғамдастықтарындағы саяжайларды тонаумен айналысқан. Қазіргі уақытта олардың 10-ға жуық саяжайдан ұрлық жасағандығы анықталды.

Алдын ала сөз байласқан Өскемен тұрғындары есік пен терезені бұзу арқылы ішке кіріп отырды. Мысалы, «Родничок» қоғамдастығынан металл, ал Самоцвет» қоғамдастығындағы саяжайдан ванна ұрланған.

«Солжағалау полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2,3-тармақтарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамдардың басқа да ұрлық фактілеріне қатыстарының бар-жоқтығы тексеріліп жатыр», - дейді қалалық ПБ бастығы Андрей Мула.


Соңғы жаңалықтар